70-летие великой победы

Латыпова – Көбеева Аймереке

Латыпова – Көбеева Аймереке – Ұлы Отан соғысының ардагері. Соғыстың қаһарлы жылдарында кеңес халқы есі жаңа кіріп келе жатқан баладан бастап,  жасы жүзге жеткен ақсақалдарға дейін жауға қарсы шығып, майданда да, тылда да, теңдесі жоқ ерліктің үлгісін көрсеткен болатын.

Аяулы ардагеріміз Аймереке Латыпованың (қыз кезіндегі фамилиясы) Ұлы Отан соғысында көрсеткен  ерлік істері кезінде Кеңестер Одағының жоғарғы марапаттау белгілерімен, бірнеше медаль  және ордендермен атап өтілген.

Әбеуов Уәли

 1917 жылы туған. Соғыста  хабарсыз кеткен.

Елтаев Нәби

 Ақмола  облысы, Астрахан ауданы, Жаңа-Тұрмыс ауылында  1900 жылы дүниеге келген.  ІІ дәрежелі   Отан соғысы орденімен марапатталған соғыс ардагері. 

Кербаев Иса Кербайұлы

Кербаев Иса  Кербайұлы 1914 жылы  Қарақалпақстан Республикасы,  Нукус қаласында туған.  Украина, Германия Севастополь үшін шайқастарында болған. 

Черниязов Джанкельді Черниязұлы

Черниязов Джанкельді Черниязұлы 1924 жылы 18 ақпанда Өзбекстан Республикасы, Навои облысы,  Тамды ауданында дүниеге келген. Соғысқа 1943 жылы аттанды. Беларусияда ұрыс даласында оң аяғынан айырылған.

Жармағамбеттегі Алшымбек Кенжебекұлы

Жармағамбеттегі Алшымбек Кенжебекұлы 1914 жылы туған. Алғашқы әскери өмірін 1940 жылдың қазан айында қатардағы жауынгер Алшымбек Кенжебекұлы 51-ші Әуе базасына қарасты 2227 – ші Әуе полкінде рота саяси жетекшісінің орынбасары қызметінен бастаған, Оңтүстік Батыс майданы бағытындағы №846 атқыштар полкінің құрамында взвод  командирі лауазымына дейін көтерілген. 

Нұршымұлы Мухади

Нұршымұлы Мухади соғыс ардагері 1912ж Ақтоғай ауданы Нарманбет өңірінде туған. 1942 ж 1944 жылдар аралығында Маршал Жуковтың дивизиясында Сталинград қаласын азат ету шайқасына, Днепр өзенінен өту шайқасына қатысқан, Белоруссия қалаларын азат ету майданында жау снарядынан жараланып госпитальда бір аяғынан айырылған.