Кітапхана жаңалықтары

Желтоқсан қаһармандарына мың тағзым

Туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту,  өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге баулу мақсатында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында 2019 жылдың 12 желтоқсан күні  «Желтоқсан қаһармандарына мың тағзым»  атты тарихи сағат өтті. Іс-шараға № 1 мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Тұрар Рысқұлов- ұлы тұлға

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, Түркістан Республикасы Халық комиссарлары  Кеңесінің төрағасы, Түрксіб құрылысының негізін салушылардың бірі  Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл толды.  Осыған орай, 2019 жылдың 10 желтоқсан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында «Тұрар Рысқұлов- ұлы тұлға» тақырыбында тарихи кеш өтті. Іс-шараға № 2 мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.

Ел бағына туған ер

       «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мелекеттік мекемесінің  «Білім» орталығында 1-желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай  2019 жылдың 28 қараша күні  « Ел бағына туған ер» тақырыбында әңгіме шолу өтті. Іс-шараға қаладағы мекемелердің, мектептердің жас мамандары қатысты.

ЖИТС- адамзатқа төнген қауіпті дерт

2019 жылдың 27 қараша күні  «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар кітапханасында  «ЖИТС – адамзатқа төнген қауіпті дерт» тақырыбында әңгіме шолу өтті. Іс-шараға 1 мектеп оқушылары қатысты.

Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТС дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру; салауатты өмір салтын қалыптастыру; оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу;

Түркі жазбалары

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында,  түркі жазбасының ашылу күніне орай «Түркі жазуы»  республикалық акциясын өткізуге байланысты,  2019 жылдың 22 қараша күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде«Түркі жазбалары. Древнетюрская письменность» тақырыбында түркі әлемі тарихы мен мәдениетінен мол мағлұмат беретін кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мұстафа Шоқай-түркі әлемінің алыбы

 Биыл Алаштың арда азаматы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың туғанына – 130 жыл. Осыған орай, 2019 жылдың 21 қараша күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында «Мұстафа Шоқай – түркі әлемінің алыбы» тақырыбында еске алу кеші өтті. Іс-шараға  № 2 мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.

Дана бабам, дара тұлғам-Әйтеке би

Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері Әйтеке бидің туғанына 375жыл толуына орай  2019 жылдың  20 қараша күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Дана бабам, дара тұлғам-Әйтеке би» атты тарихи сағат өтті.

«Нашақорлық-қоғам дерті»»

2019 жылдың  19 қараша  күні оқушылар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша іс-шара өткізу жоспарына сәйкес, № 2 жалпы орта білім беретін мектептің оқушыларының қатысуымен «Наркомания - враг общества» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: өскелең ұрпаққа адамзат өміріне қатер төніп отырған  нашақорлықтың аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;

Ұлт жанашыры-Герольд Бельгер

2019 жылдың 28 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстанның Халық жазушысы, публицист, әдебиет зерттеушісі, аудармашы Герольд Бельгердің 85 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт жанашыры-Герольд Бельгер» атты танымдық сағат өтті. Іс-шараға № 2 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

Әбдіжәміл Нұрпейісов-әдебиет әлемінің майдангері

       2019 жылдың 22 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстанның Халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, М.Шолохов атындағы халықаралық және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 95 жыл толуына орай «Ә.Нұрпейісов-әдебиет әлемінің майдангері» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. 

Нашақорлық- қоғам дерті


2019 жылдың 21 қазан күні оқушылар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша іс-шара өткізу жоспарына сәйкес, № 1 жалпы орта білім беретін мектептің оқушыларының қатысуымен «Нашақорлық-қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Рухани келісім-гүлдену жолы

2019 жылдың 18 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім-гүлдену жолы» атты ізгілік сабағы өтті. Іс-шараға № 1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: 

Кітапхана адамзаттың рухани азығы


2019 жылдың 15 қазан  күні «Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кітапхана адамзаттың рухани азығы»  тақырыбында   семинар өткізілді. Семинар жұмысына қалалық №1,2 мектептің кітапханашылары қатысты. Бағдарламада семинардың міндет мен мақсаты белгіленді. Онда кітапханашылардың жаңа кәсіби сана-сезімін қалыптастыру, олардың кәсіби шеберлігін және креативті ойлау қабілетін шыңдау, ақпараттық мәдениетін дамыту, тәжірибе алмасу сияқты мақсаттар қойылған.

Қыздарға әсемдік жарасады

2019 жылдың 11 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде   Халықаралық қыздар  күніне орай  «Қыздарға әсемдік жарасады» атты тәрбие сағаты өтті. Іс шараға  №2 мектептің 8-10 сынып оқушылары қатысты.

Қасым ғасыр ақыны

2019 жылдың 10 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны  Қасым Аманжоловтың туғанына 108 жыл толуына орай «Қасым ғасыр ақыны» атты поэзия кеші өтті. Іс-шараға № 2 мектептің оқушылары қатысты.