Әбу Насыр Әл-Фараби 1150 жыл

«Ұлы даланың ұлы тұлғасы»

Биыл шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы. Осыған орай, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ғұлама ғалым әл-Фараби бабамыздың бай мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында 2020 жылдың 24 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» тақырыбында тарихи-танымдық сағаты өтті. Іс-шараға №2 мектептің 11 «б» сынып оқушылары және сынып жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Давлятярова Мария Баймуратовна қатысты.

Әбу Насыр Әл-Фараби 1150 жыл

        Әбу Насыр Әл-Фараби— ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген.  Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған.