Новости библиотеки

«Ерлік жыры – елдіктің ескерткіші»

«Приозерск  қалалық  кітапханасы»КММ –нің оқырмандарға қызмет ету бөлімінің ұйымдастыруымен  «70 жылдыққа - 70 күн» акциясының аясында  «Ерлік жыры – елдіктің ескерткіші» атты  сахналық қойылым  қойылды. «Ұлы Жеңіс» жасасын атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға ұсынылды.

Пәктік пен сұлулық жыршысы

Бүгін  20- наурыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-де қазақ әдебиетінің кемеңгер жазушысы, айтулы ақын Қуандық   Шаңғытбаевтың 90 жылдық  мерей тойына  арналған сурет  көрмесі  ұйымдастырылды.

«Ұлытау- қазақ хандығының бесігі»

2015 жылдың  16 наурыз - 20 наурыз аралығында  «Ұлытау- қазақ хандығының бесігі» атты  қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тақырыптық апталық болып өтті.

Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет!

Алдымыздағы ақпанның 14 - інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 26  жыл болады. Осыған орай «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар кітапханасында 2015 жылдың 12 –ақпаны күні  Интернационалист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Есімде Ауған соғысы» атты ерлік сағаты ұйымдастырылды.  Аталмыш іс-шараға №1 жалпы білім беру орта мектебінің, сонымен қоса №2 мектеп -балабақша  кешенінің  7-8 сынып оқушылары   ұстаздарымен бірге  қатысты.   

«Ақ Ордам - менің Астанам»

Астана – Қазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған кұбылыс.          

«Кітап жауыны»

Сонымен қоса «Кітап жауыны» атты кітаптар көрмесі де кітапхананың төрінен орын алған болатын.  Көрмеге жаңадан келген кітаптар, ертегілер, әңгімелер түрлі жанрдағы шығармалар ілінді. 

«Жазғы сөмкешедегі кітаптар»

Жазғы демалыста қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен жазғы лагерь балаларына арнап «Жазғы сөмкешедегі кітаптар атты » көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты:осындай қызықты дүниелер арқылы  кітапқа деген қызығушылығын арттыру.  ең кішкентай оқырмандарға сөмкеде тек мектеп оқулықтары ғана емес сондай-ақ ертегілер, қызықты әңгімелер, өздері сүйіп оқитын жазушылардың  шығармалары да салынатынын айту, кітапты жанынан тастамауға үйрету.  

«Жас толқын» ақындар клубына 1 жыл

Ақындық өнер талант пен шабыттың тамаша үйлесуімен туатын ерекше өнер. Бүгінде жастардың ақындық өнерге, шығармашылыққа, білімге деген ынтасын көтеруге ықпал ететін жұмыстарды кітапхана талмай атқарып келеді.

«Шебер қолдар» үйірмесі

Приозерск қалалық кітапханасының  балалар бөлімінде 2010 жылдан бастап үйірме жұмыс жасайды.

Ардагер аналарымызға құрмет

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде    «70 жылдыққа – 70 күн!» акциясына  жоспар  құрылған,  сол жоспарға сай 5 наурыз күні   сағ.11.00-де  ардагер аналарымыздың қатысуымен 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне   арналған «Айбынды аналар»  атты мерекелік кеш ұйымдастырылған болатын. 

Мәңгілікрухани орда

Бүгінгі кітапхана - әлеуметтік институт ретінде заманауи ақпараттық қоғамды қалыптастыруға белсенді қатысатын мекеме. Осыған орай, әлемдік ақпараттық кеңістікке кітапханаларды белсенді ықпалдастыру және оқырмандарға қызмет көрсету мәдениетін арттыру міндеті осы сала мамандарына жүктеледі.

«Познавать новое – обращаясь к старому»

Начиная с 1991 года, согласно решению Генеральной Ассамблеи ООН, ежегодно 1 октября отмечается Международный день пожилых людей. В этот праздник центром внимания становятся малообеспеченные люди преклонного возраста, одинокие пенсионеры и инвалиды, им оказывается материальная, социально-бытовая и другие виды помощи. В Казахстане этот праздник называется Днём пожилого человека.

«Үміт» бағдарламасы

Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Үкіметіміздің мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған көптеген көмектерінің ішінде үйде әлеуметтік көмек беру ерекше орын алады. 

«Есірткі ғасыр тажалы»

2014 жылы 26 маусым күні  «Приозерск қалалық кітапханасы» мемлекеттік мекемесінде  «Приозерск қаласында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2013- 2016 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарына сәйкес «Есірткі ғасыр тажалы» атты көркем шығармалар байқауын өткізген болатын. 

Ерлік - ел есінде

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 68 жыл өтті. Бұл  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.